«Құрманжан датқа» фильмі Калифорниядағы кинофестивальде екі бас жүлдеге ие болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Құрманжан датқа» фильмі Калифорнияда өткен халықаралық кинофестивалінде екі бас жүлдеге ие болды. Бұл туралы сейсенбі күні ҚырТАГ агенттігіне «Айтыш фильм»-нің баспасөз хатшысы Шолпан Ыдырысова хабарлады.

«Құрманжан датқа» фильмі Калифорниядағы кинофестивальде екі бас жүлдеге ие болды

Режиссер Садық Шер-Нияздың отандық кинолентасы Калифорния штатындағы Тибуронда өткен халықаралық кинофестивалінде бірден екі жүлдені иеленді. Фильм кинофорумның «Үздік фильм» және «Үздік операторлық жұмыс» аталымдарында бас жүлделерге ие болды», - деп хабарлады Ыдырысова.

Естеріңізге сала кетейік, кинокартинаның қоюшысы - ҚР мәдениетінің еңбек сіңірген қайраткері Мұрат Әлиев. Кинофестиваль 2015 жылғы 9-17 сәуір аралығында өтті, кинолента фестивальдің әлемдегі 32 елдің фильмдері ұсынылған байқау бағдарламасына қатысты.