«Құрметті донор» төсбелгісі қайта беріле бастайды

доноры
Фото: АО "НУХ "Байтерек"

АСТАНА. KAZINFORM – Елімізде «Құрметті донор» төсбелгісі қайтадан беріле бастайды. Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың жауабында айтылған.

«Қазақстанда донорлық қанды дайындауды 19 Қан орталығы жүзеге асырады. Олар трансфузиялық көмек көрсететін шамамен 420 ұйымды қан компонентімен қамтамасыз етеді. Жыл сайын 250 мыңнан астам қан тапсырылып, 380 қан құю шарасы жүргізіледі. 100 мыңнан астам адам донорлық қан алады», - деді Үкімет басшысының орынбасары жауабында.

Оның дерегінше, медицина ұйымдарының жоспарлы және шұғыл өтінімдерінің бәрі толық көлемде қанағаттандырылып отыр.

«Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың жәрдемімен қан донорларды жұмылдырылып, ынталандырылып отырады. Қан донорларын денсаулық сақтауды дамытуға үлес қосқан тұлғалармен теңестіру мақсатында 2009 жылы жойылған «Құрметті донор» төсбелгісін қалпына келтіру жұмысы жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта төсбелгісінің дизайны әзірленіп жатыр», - деді Тамара Дүйсенова.

Соңғы жаңалықтар