Курорттық аймақтарға әуе қатынасын жиілету керек – Роман Скляр

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр ішкі туризмді дамытудағы басты мәселелерді атады. 

Скляр
Фото: Kazinform

«Туристік аймақтарда интернет пен байланыс орнату, автожолдарды жаңарту, визасыз қарым-қатынас, көші-қон режимін жақсарту және туристер үшін қолайлы саяхатты қамтамасыз ету маңызды. Сонымен қатар Қазақстанның курорттық аймақтарына әуе сапарларының жиілігін арттыру басты мәселелердің бірі. Құзырлы мемлекеттік органдарға Үкіметте өткен кеңестердің қорытындысы бойынша тиісті тапсырмалар берілді. Жұмысты белгіленген мерзімде аяқтауды сұраймын», - деді Роман Скляр елордада өткен Туризм және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.

Одан бөлек, Үкімет басшысының бірінші орынбасары туристік объектілерде сапалы қызметпен қамтамасыз етуді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар