«Күрті - Бурылбайтал» учаскесінің құрылысында үнемді технология пайданылмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың аяғына дейін «Күрті - Бурылбайтал» учаскесінің 45 шақырымындағы құрылыс бойынша жобалық-сметалық құжат әзірленеді. Жобаны іске асыру барысында Қазақстанда алғаш рет жылы асфальт-бетон қоспаларын пайдалану құрылыс технологиясы қолданады.
None
None

«Аталған жол «Орталық - Оңтүстік» жол бағытын дамыту аясында салынады. Учаскедегі құрылыс жұмыстарын 2014 жылғы қыркүйегінде бастап, 2016 жылы аяқтау көзделген», - делінген ҚР ККМ мәліметінде.

«Күрті - Бурылбайтал» учаскесі Қазақстан Республикасында алғашқы рет жылы асфальт-бетон қоспаларын пайдалану құрылыс технологиясын қолданудағы бастама болып саналады. Бұл технология әдеттегідей ыстық қоспаларға ұқсас жылы асфальт-бетон қоспаларын алуға мүмкіндік береді. Айырмашылығы - энергия шығыны 25 пайызға, ал жол құрылысына жұмсалатын шығын 5 пайызға қысқартылады. Сонымен қатар, бұл технологияны қолдану ауаға түсетін зиянды түтін мен газдың мөлшерлерін азайтады, ол өз кезегінде еңбек жағдайын жақсартады.

Бұл Қазақстандағы жол құрылысында қолданылып жатқан бір ғана жаңа технология емес екендігін атап өткен ләзім. 2013 жылы елімізде қара шағылтаспен өнделген жамылғы технологиясын алмастыратын және жолдың жөндеу аралығын 2-3 жылға ұлғайтатын «Микросюрфейсинг» жол жамылғысын қолдану бойынша сынақ жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, монолитті темір-бетон көпірлерді салу құрылыстары бойынша сынақ жұмыстары да өткізілді, олар, өз кезегінде, құрылыс құнын 30 пайызға арзандатады.

Жалпы, бүгінгі таңда «ҚазжолҒЗИ» АҚ инновациялық материалдар мен технологияларын пайдалануымен 40 сынақ учаскелерінің мониторингі жүргізілуде. Зерттеулер нәтижесінде оларды құрылыс барысында қолдану мүмкіндігі қарастырылатын болады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум