Құрық портында 103 адам ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының Ішкі істер департаментіне қарасты көші-қон басқармасының заңсыз көшіп-қонушылармен күрес қызметкерлері Құрық портында көршілес мемлекеттерден келген 103 адамды ұстады. Бұл туралы lada.kz хабарлады.
None
None

Оқиға 22 желтоқсанда болған.

«Арнайы жүргізілген тексерулер барысында ұсталған азаматтардың құзырлы органның арнайы рұқсат құжаттарынсыз еліміздің аймағында еңбек етіп жүргендері анықталды»,-деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Ұсталған азаматтарға шетелдіктердің Қазақстанға келу ережесін бұзды деген айып тағылып отыр. Осы іске қатысты материалдар сот органдарына жолданып, алдағы уақытта тиісті процессуалды шешім қабылданады.

Соңғы жаңалықтар