Құрық портының бас директоры тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқармасының шешімімен «Құрық порты» ЖШС бас директоры қызметіне Мырзабек Сақтағанов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Құрық портының бас директоры тағайындалды

Осыған дейін ол Құрық портындағы паром кешені директорының орынбасары лауазымында болды.

Паром кешенінің екінші кезеңі 2017 жылдың желтоқсанында пайдалануға беріледі. Жүк және жолаушы кемелері түйісетін тағы 2 көпір салынады деп күтілуде.

Кешен арқылы астық, мұнай өнімдері және басқа да халық және өндірісте тұтынатын түрлі тауарлар тасымалданып, еліміздің көліктік-логистикалық жүйесі  кеңейеді. Жылына 5,1 миллион тонна жүк тасымалдайтын қуатты кешеннің арқасында шетелдермен арадағы тауар айналымы артады.

Құрық портындағы бұл кешеннің құрылысы 2015 жылдың сәуірінде басталған еді. 2015 жылдың маусымында «Бордақты-Ерсай» темір жол желісі бойынша құрылыс материалдарын жеткізу үшін қозғалыс ашылды.

БАҚ: Иран мұнай қоймалары толып кетпеуі үшін өндірісті қысқарта бастады
Ұқсас жаңалықтар

БАҚ: Иран мұнай қоймалары толып кетпеуі үшін өндірісті қысқарта бастады