Құрылтайға қатысу үшін еліміздің түкпір-түкпірінен блогерлер Алматы облысына келді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Blogcamp Талдықорған -2015» құрылтайына қатысатын 70-ке жуық блогер еліміздің түкпір-түкпірінен Алматы облысына келді.
Олар алдымен Кербұлақ ауданының Шоқан ауылына барып, этнограф ғалым Шоқан Уәлихановтың мұражайына барды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Блогерлер мұнда мұражайдың құрылу тарихымен танысып, ғалымның өмірі мен шығармашылығын жан-жақты ашатын музей экспозицияларын тамашалады.