Құрылып жатқан кондоминиумдар аулаларды абаттандыру проблемасын шеше алады - Жамбыл облысының әкімі
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Қыркүйектің 17-сі. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Құрылып жатқан кондоминиумдар аулаларды абаттандыру проблемасын шеше алады, деп атап өтті Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев кезекті кеңес барысында.
Оның ойынша, облыс орталығында кондоминиумдар құру өте баяу қарқынмен жүргізілуде. Қазіргі күні 1048 көпқабатты үйдің тек 120-сы кондоминиумға кірген, 253 үй рәсімдеу кезеңінде тұр. Сонымен қатар, 540 ПИК-ке кіреді, ал 50-інде өзін-өзі басқару ұйымдастырылған.
«Қараусыз қалған» үйлер аулаларда тұрмыстық қалдықтардың жиналып қалуына тікелей әсер етеді, деп атап өткен облыс әкімі, кондоминиумның артықшылықтары толыққанды түсіндіру жұмыстарын жүргізбегені үшін қала әкімі атына сын- ескертпе айтты.
«Егер түсіндіру жұмыстары өз деңгейінде жүргізілгенде, тұрғындар кондоминиумдардың артықшылықтарын баяғыда түсініп, өз аулалаларының тазалығын бюджеттік қаржыға қалпына келтірер еді», - деп атап өтті Қанат Бозымбаев.