Құрылыс фирмасының директоры елордада синтетикалық есірткі сатқан
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында құқық қорғау және арнайы органдардың бірлескен операциясы жүргізіліп, елорда аумағындағы синтетикалық есірткі құралдарын сату арнасы жойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне сілтеме жасап.
9 қыркүйекте Сығанақ көшесі бойындағы арнайы тасжолда ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің жедел жасағы мен Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы бірлесіп, «Nissan Teana» автокөлігін тоқтатты. Жүргізушісі – елорданың 35 жастағы тұрғыны, Нұр-Сұлтанда құрылыс-монтаждау жұмысымен айналысатын ЖШС директоры. Ол «Мефедрон» синтетикалық тобына жататын есірткіні ірі көлемде сатқан.

Ұсталған күдікті кінәсін мойындады. ҚР ҚК 297-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Астанаға есірткі жеткізумен айналысқан сыбайластарын анықтау мақсатында тергеу жүріп жатыр.