Құрылыс компанияларына қатысты тергеулер аяқталды - ҚР ҰЭМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті «High Vill Kazakhstan» ЖШС, «Елорда даму» ЖШС, «Атлант Инжиниринг» ЖШС, сондай-ақ «Астанамонолит» ЖШС (Базис) және «Жана Қала Құрылысы» ЖШС құрылыс компанияларына (Базис) қатысты Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуы бойынша тергеулерді аяқтады.
None
None

Монополияға қарсы заңнаманың бұзылуын тергеу барысында пәтерлерді сатып алушыларға паркингті сатып алуды, басқарушы компаниямен шарттар жасасуды және коммуналдық қызметтерге алдын ала ақы төлеуді күштеп таңудан көрінген жосықсыз бәсекелестік фактілері анықталды, деп хабарлайды ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің баспасөз қызметінен. Істерді Астана қаласының соттарында қарау нәтижелері бойынша аталған компаниялардың ішінен «Елорда даму» ЖШС және «Атлант Инжиниринг» ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі кезде BI Group холдингінің еншілес ұйымдары «Шахар НС» ЖШС-ға және «Family Village» ЖШС-ға қатысты сатып алушыларға таза әрлеу талаптарын күштеп таңу, құрылыс салушының пайдалану және коммуналдық қызметтерінің, сервистік компания қызметтерінің шығыстарын өтеу фактілері бойынша монополияға қарсы заңнаманың бұзылуына тергеу жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар