Құрылыс нормаларын бұзғаны үшін салынатын айыппұл бірнеше есе артуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат – Ашық НҚА порталында Құрылыс кодексі тұжырымдамасының жобасы қоғамдық талқыға ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құрылыс нормаларын бұзғаны үшін салынатын айыппұл бірнеше есе артуы мүмкін

Құжат қоғам талқысында 13 қыркүйекке дейін болады.

Тұжырымдама жобасында Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекске көптеген өзгерістер мен түзету енгізу ұсынылып отыр.

Нақтырақ айтсақ, құрылыс нормаларын сақтамағаны үшін салынатын айыппұлдардың көлемін арттыру ұсынылған.

Мысалы, құрылыс-монтаждау және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде бекітілген құрылыс нормалары мен жобалау құжаттарының талаптарын бұзғаны үшін салынатын айппұл көлемін лауазымды адамдарға 40 айлық есептік көрсеткіштен 100 АЕК-ке дейін, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 200 АЕК-тен 400 АЕК-ке дейін, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 400 АЕК-тен 650 АЕК-ке дейін, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 700 АЕК-тен 1050 АЕК-ке дейін арттыру және лицензиясының қолданылуын уақытша тоқтату көзделген.

Ал құрылыс-монтаждау, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын объектілерді жобалау құжаттамасынсыз жүргізгені үшін салынатын АЕК-ке дейін, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 200 АЕК-тен 400 АЕК-ке дейін, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 400 АЕК-тен 800 АЕК-ке дейін, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 700 АЕК-тен 1400 АЕК-ке дейін арттыру және лицензиясының қолданылуын уақытша тоқтату ұсынылып отыр.

Сондай-ақ, сараптамадан өтпеген жобалау-сметалық құжаттамасы бойынша немесе құжаттамасыз объектілер мен олардың кешендерін салғаны үшін салынатын айыппұл мөлшерін жеке тұлғаларға 120 АЕК-тен 240 АЕК-ке дейін, лауазымды адамдарға – 160 АЕК-тен 320 АЕК-ке дейін, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 200 АЕК-тен 400 АЕК-ке дейін, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 380 АЕК-тен 760 АЕК-ке дейін, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 580 АЕК-тен 1160 АЕК-ке дейін арттыру ұсынылған.

Тұжырымдама жобасында құрылысқа авторлық және техникалық қадағалау жүргізетін тұлғалардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған түзетулер бар.

Нақты айтсақ, авторлық қадағалауды жүзеге асыратын адамдарға орындалған (орындалатын) құрылыс-монтаждау жұмыстарының бекітілген жобалау шешімдеріне сәйкес келмеуіне жол бергені үшін салынатын айыппұл көлемін жеке тұлғаларға 180 АЕК-тен 540 АЕК-ке дейін ұлғайтып, сарапшы аттестатының қолданылуын алты ай мерзімге тоқтата тұру көзделген.

Техникалық қадағалауды жүзеге асыратын адамдардың жобаны іске асыру сатысында бұзушылықтарға жол бергені үшін салынатын айппұл мөлшерін 180 АЕК-тен 540 АЕК-ке дейін ұлғайтып, сарапшы аттестатының қолданылуын алты ай мерзімге тоқтата тұру ұсынлып отыр.

Кодекс тұжырымдамасының толық мазмұнымен мына сілтемеде толық танысуға болады.