17:08, 19 Наурыз 2013 | GMT +5
Құрылыс нормаларын оңтайландыру арқылы әлеуметтік нысандар салу құны арзандады - Б. Сағынтаев
АСТАНА. 19 наурыз. ҚазАқпарат - Құрылыс нормалары мен ережелерін оңтайландыру әлеуметтік нысандар құрылысы барысындағы шығындарды азайтуға мүмкіндік берді.

Бүгін «Атамекен одағы» Ұлттық экономикалық палатасы Президиум Бюросының отырысында Бірінші вице-премьер-Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев осылай мәлім етті.
Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылыс нормалары мен ережелерін оңтайландыру шарасының бірінші кезеңі аяқталды. «Мектеп, аурухана мен емханалар құрылысына қатысты нормалар оңтайландырылды. Соған орай, әлеуметтік нысандардың құрылысы барысында біршама шығындар үнемделді. Мұндай нысандар құрылысының «арзандауы» 2013 жылдың басынан бері көрініс тауып отыр», - деді Б. Сағынтаев.