Құрылыс нысанында жұмысшы көз жұмды - «Алматы қаласының құтқару қызметі» МҚКК

АЛМАТЫ. 3 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда сағат 08:46-да «Алматы қаласының құтқару қызметі» МҚКК-ның жедел кезекшісіне медициналық көмек қызметінен Горный гигантта орналасқан құрылыс нысандарының бірінде мұнара кранында жұмысшы өзін нашар сезінгені туралы хабарлама келіп түсті.
None
None

Көмекшілердің көмегі қажет болды. Оқиға орнына құтқару қызметінің экипажы жіберілді. Оған келіп жеткен құтқарушылар зардап шегушіні қарау, оны қауіпсіз жерге көшіру үшін мұнара кранының кабинасына көтерілді. Оны қауіпсіз жерге көшіру бойынша құтқару жұмыстары екі кезеңмен өтті, оны біріншіден кабинадан төмен орналасқан кранның алаңына түсірді, одан кейін кранның ілмегіне бекітілген аспалы қораптың көмегімен оны жерге түсірді, ол жерде дәрігерлер оны қарап, қайтыс болғанын анықтады.

Қайғылы оқиғаның себебін құзіретті органдар анықтауда.

Соңғы жаңалықтар