Құрылыс, такси: шетелдік еңбек мигранттары немен айналысады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордаға келген шетелдік еңбек мигранттары көбіне қандай кәсіппен айналысады? Бұл сауалға қалалық полция департаменті көші-қон қызметі басқармасының басшысы Ербол Махметов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шетел азаматтары Қазақстанда көші-қон заңына сай жүрсе және жергілікті атқарушы органдарынан рұқсаты болса кез келген салада еңбек ете алады. Ең бастысы заң аясында болу керек. Заңбұзушылық анықталған жағдайда мәселемен біз айналысамыз», - деді Ербол Махметов полиция департаментінде өткен баспасөз мәслихатында.

Спикердің мәліметінше, жыл сайын көші-қон заңын бұзған 900-ден астам шетелдік елден шығарылады.

Сондай-ақ басқарма басшысының айтуынша, шетелдік еңбек мигранттары негізінен құрылыс саласы, такси секілді қоғамдық жұмыстарға барады.

«Мысалы, такси жүргізушісі шетел азаматы болды делік, егер күдік болған жағдайда 102-ге хабарлап айтуға болады. Тәртіп сақшылары, ол азаматты көші-қон бөліміне жеткізіп, жұмыс істеуге рұқсатын тексереді. Олар өзімен бірге еңбек етуге рұқсат құжатын алып жүруі тиіс. Кері жағдайда заң аясында жауапкершілікке тартылады», - дейді ол.

Айта кетейік, биыл алты айда көші-қон заңын бұзған 500-ден астам шетелдік елден шығарылды.


Соңғы жаңалықтар