Құрылыс заңын бұзса прокуратура органдарына жүгіну керек - Н.Назарбаев
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 8 мыңға жуық үлескердің қатысуымен 45 проблемалы нысан пайда болды. Бұл туралы бүгін Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен ЭКСПО көрмесі мәселелеріне арналған кеңесте ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
«Мен қалада 1 млн. 750 мың шаршы метр тұрғын үйдің пайдалануға берілгенін айттым, бұл рекордтық көрсеткіш. Дегенмен, екінші жағынан біз 2008-2010 жылдары қордаланған үлескерлердің проблемасын шешу үшін ұлттық қордан мол қаржыны шығындадық. Алайда, қалада тағы да 8 мыңға жуық үлескердің қатысуымен 45 проблемалы нысан пайда болды. Олар қайдан шығып отыр?», - деді Елбасы.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы елордада өз бетімен салынып жатқан 37 тұрғын үйдің анықталғанын, оның 31-інің құрылысы тоқтатылғанымен қалғанының құрылысы жүргізіліп жатқанын атап өтті.
«Тәртіпке келтіріңіздер. Егер заңды бұзса, прокуратура органдарына жүгініңіздер. Заңнамалық жолмен құрылысқа шектеу қою туралы шешім қабылдасын», - деді Н.Назарбаев.