19:10, 13 Тамыз 2010 | GMT +5
Құрылыс және ТКШ істері жөніндегі агенттікте республикадағы алдыңғы қатарлы БАҚ журналистеріне алғысхаттар табыс етілді
АСТАНА. Тамыздың 13-і. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - ҚР-ның Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы жөніндегі агенттігінде Құрлысшылар күнінің құрметіне орай республикадағы алдыңғы қатарлы бұқаралық ақпарат құралдарының журналистерімен кездесу болып өтті.

Журналистерге алғысхаттар мен сыйлықтар табыс ете отырып, Агенттіктің жауапты хатшысы Салауат Дембай ведомстово жұмысын және жалпы алғанда, барлық құрылыс саласы жұмысын шынайы түрде жариялап отырғандары үшін оларға алғысын айтты. Ол штатта бар-жоғы 85 адам жұмыс істей отыра ведомство алдына қойылған барлық міндет қызметкерлердің жоғары кәсібилігінің арқасында атқарылып отырғандығын айта келе, Агенттіктің күнделікті жұмысы туралы әңгімеледі. Оның айтуынша, ағымдағы жылы ведомствоның бюджеті әртүрлі бағдарламаларды жүзеге асыруға бөлінген 204,1 млрд.теңгені құраған және де бұл Агенттік мамандарының мойнына үлкен жауапкершілік жүктейді.