Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері жөніндегі агенттіктің төрағасы міндетін атқарушы тағайындалды
АСТАНА. Шілденің 27-сі. ҚазАқпарат /Қаламқас Әбуова/ - Үкіметтің 2009 жылғы шілденің 20-сындағы №1098 қаулысымен Серік Нокин Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері жөніндегі агенттіктің төрағасы міндетін атқарушы болып тағайындалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
С.Нокин 1959 жылы туған, Саратов химиялық қорғаныс жоғары әскери училищесін 1982 жылы «химик-технолог-инженер» мамандығы бойынша бітірген. 2003 жылы Қазақтың Т.Рысқұлов атындағы экономикалық университетін «Экономист-менеджер» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2002-2006 жылдары Атырау облысы әкімінің орынбасары болған. 2006 жылдың ақпан айынан бастап Ақтөбе қаласының әкімі болған. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін С.Нокин Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі комитетті басқарған.