Құрылысшы салынып жатқан тұрғын үй кешенінің төртінші қабатынан құлап кетті
АСТАНА. Шілденің 21-і. ҚазАқпарат - Астана қаласында салынып жатқан нысанның төртінші қабатынан бір адам құлап кетті,
деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Жұмабаев көшесінде салынып жатқан «Жаңа Құрылыс» тұрғын үй кешенінде құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында төртінші қабаттан қаптамашы құлап кетті, 20 жастағы құрылысшы бірден ауруханаға жеткізілді.