Құрылысшылар күні аясында елордада мерекелік шара өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл сайын тамыздың екінші жексенбісінде елімізде Құрылысшылар күні атап өтіледі. Бұл кәсіби мерекенің тарихы жарты ғасырдан астам уақытқа созылады.
None
None

Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Бүгін «Арай» саябағында қаланың Жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен дәстүрлі түрде спорттық мерекелік шара өтті. Мерекеге студенттік құрылыс отрядтары мен жетекші құрылыс компанияларының 50-ге тарта өкілі қатысты. Мерекеде барлық қатысушылар футбол, қол күрес, арқан тартыс, гір көтеру және тағы басқа спорт түрлерінен сайысқа түсті.

Спорттық шараның соңына қарай барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды. Қатысушыларды марапаттаудан кейін «Арай» саябағының сахнасында мерекелік концерт өтті.

Соңғы жаңалықтар