12:59, 10 Мамыр 2017 | GMT +5
Құрылысшылар ұстап алған педофил қамауға алынды - Астана
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қалалық ішкі істер департаменті құрылысшылар ұстап алған педофилге қандай шара қоланылғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қолға түскен адамға қатысты сот санкциясымен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы белгіленді», - деді қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.
Естеріңізге сал кетсек, күдікті 4 мамыр күні кішкентай қызды зорламақ болған кезінде қолға түскен еді. Ол елорданың жаңа теміржол вокзалы аумағында қызды алдап қамыс арасына алып барған. Сол жерде кішкентай қызды шешіндіріп, зорламақ болған. Бұл жайтқа тосыннан куә болған құрылысшы жігіттер педофилді ұстап алып, полиция қолына табыс еткен.
Құрылысшылардың бұл әрекеті әлеуметтік желі қолданушылары арасында кеңінен талқыланды. Олар тіпті кішкентай қызды педофилдің қорлығынан құтқарып қалған құрылысшыларды мемлекеттік наградаға ұсыну қажет деген пікірлерін де білдірді.