Құрылыстағы жазатайым оқиғаларға бас мердігер жауапты болуы тиіс - Д. Арғандықов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Құрылыс нысандарындағы жазатайым оқиғалар үшін бас мердігерге жауапкершілік жүктелуі тиіс. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитеті мен «Нұр Отан» партиясы Фракциясының жанындағы Өңірлік саясат және мәслихаттармен жұмыс жөніндегі кеңесінің кеңейтілген біріккен отырысында денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Дәулет Арғандықов мәлім етті.
None
None

«Құрылыс нысандарында еңбек қауіпсіздігі жағдайы ерекше алаңдаушылықты тудырып отыр. Бұл нысандарда бас мердігер өз бетінше жұмыстарды атқармай, құрылыс жұмыстарын орындау үшін сырттан ұйымдарды тартады. Сәйкесінше, осы нысандарда қосымша тартылған ұйымдардың жұмысшылары қайғылы оқиғаларға ұшырап жатады. Алайда, бұл бас мердігерден жауапкершілікті алыстатпайды. Қазақстан Республикасы ратификациялаған «Құрылыстағы қауіпсіздік және гигиена туралы» Халықаралық еңбек ұйымының № 167 конвенциясына сәйкес, бас мердігерге құрылыс алаңындағы жалпы қызмет үшін негізгі жауапкершілік жүктеледі», -деді вице-министр.

Оның сөзіне қарағанда, 2014 жылы салалар бойынша зардап шеккендердің көбі құрылыс кәсіпорындарында тіркелген.

Соңғы жаңалықтар