Құрылыстың өзіндік құнын төмендету бойынша шаралар қабылдануда - Б. Жәмішев

АСТАНА . 14 қаңтар. ҚазАқпарат - Алдыңғы қатарлы технологиялар мен типтік жобаларды пайдалану арқылы құрылыстың өзіндік құнын төмендету бойынша шаралар қабылдануда. «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасын жүзеге асыру мәселесіне арналған Үкімет отырысында Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев осылай мәлімдеді.

Құрылыстың өзіндік құнын төмендету бойынша шаралар қабылдануда - Б. Жәмішев

Министрдің сөзіне қарағанда, индустриялдық тұрғын үй құрылысын дамыту аясында елімізде жалпы жобалық қуаттылығы жылына 1,5 млн. шаршы метр тұрғын үйді қамтитын 17 тұрғын үй құрылысы комбинаттарының жобасын іске асыру қарастырылған. Бұндай баспаналар құрылыс қарқыны жылдамдығымен және сапасымен, құрылыс құнының төмендеуімен ерекшеленбек. «2013 жылы үй құрылысы комбинаты аясында 7 зауыт пайдалануға берілді. Комбинаттар энергия үнемдеу мен тиімділік тұрғысында қазіргі заманғы талаптарға толық сәйкес келеді», - деді Б. Жәмішев.

Стройка, строительство
Ұқсас жаңалықтар

Сапасыз құрылыс: Степногорскіде мердігерден 80 млн теңге өндірілмек