Құрылысы 60 жылға созылған аурухана пайдалануға берілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Конго Демократиялық Республикасының Президенті Жозеф Кабила ел астанасы Киншаседе 60 жыл бойы салынған аурухананы ашты.
None
None

КДР-дің Денсаулық сақтау министрі Феликс Нумбидің сөзіне қарағанда, аурухана замануи технологиялармен, тың құрылғылармен жабдықталған.

Айта кетерлігі, денсаулық сақтау нысанының құрылысы 1954 жылы басталған еді. Алайда, аталған ел 1960 жылы Бельгиядан тәуелсіздігін алғаннан кейін оның құрылысы тұралап қалған. Араға 60 жыл салып қана нысандағы құрылыс жұмыстары қайта жанданды. Үш жыл бұрын аурухананы қытайлықтар пайдалануға бергенімен, бірақ ондағы құрал-жабдықтар жасақталмауына және мамандар тапшылығына байланасты жұмысы тоқтап тұрды, деп жазады ВВС. Конго мемлекеті пайдалы қазбалар мен өзге де ресурстарға бай болғанымен, халықтың үштен екі бөлігі күніне екі доллар көлеміндегі қаржымен күнелтуде.

Соңғы жаңалықтар