Құс фабрикасында жарты миллион балапан жанып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Курс облысындағы құс фабрикасында болған өрт салдарынан 500 мыңнан астам балапан жанып кетті.
Бұл туралы "Интерфакс" құқық қорғау органдарындағы дерекөзге сілтеме жасап хабарлады.
Өрт жұма күні Горшеченск ауданындағы Бекетов кентінде орналасқан "Курск агрохолдингі" №1 компаниясының құс фабрикасында болған.
Алдын ала болжамдарға қарағанда, өрт электр сымдарының тұйықталуынан орын алған. Жалын тілі құс фабрикасының екі корпусын, шамамен үш мың шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт сөндірушілер үш сағаттың ішінде тілсіз жауды ауыздықтады. Келтірілген шығындар алдын ала есептеулер бойынша 460 миллион рубльден асады.