13:08, 07 Қаңтар 2009 | GMT +5
Құс тұмауы Азияға қайтып оралуда
БЕЙЖІҢ. Қаңтардың 7-сі. ҚазАқпарат - Бейжің ауруханаларының бірінде құс тұмауы белгілерімен түскен әйел қайтыс болды.
Қазір мамандар әйел өлімінің себебін анықтау және H5N1 вирусының ошағы туралы күдікті тексеру үшін зертханалық зерттеулер жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Utro.ru сайтына сілтеме жасап. Құс тұмауының ошағы туралы Вьетнамның Денсаулық сақтау министрлігінен де хабарлап отыр. Олардың деректеріне қарағанда, жақында ауруханаға түскен жас бойжеткенге жүргізілген талдау нәтижесінде H5N1 вирусы анықталған.