Құс тұмауы індеті Италияда, Германияда және Нидерландыда анықталды
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жоғары патогенді H5N8 құс тұмауы вирусының індеті табылғанын хабарлады. Бұл ауру Италияның солтүстік-шығысындағы күркетауық фермасынан, Германияның Төменгі Саксониядағы құс фермасынан табылған. Сонымен бірге Нидерландыда екі оқиға тіркелді.
Қазірге дейін H5N8 тұмауын адамдардың жұқтырғаны туралы мәліметтер хабарланған жоқ. ДДСҰ пкірінше, халық арасында вирустің таралу қаупі көп емес. Дегенмен, мамандар тиісті алдын алу шараларын қолға алуға кірісті, өйткені, құс тұмауының кейбір түрі адамдарға жұғуы мүмкін.
Еуропа аймағында H5N8 вирусы жоғары патогенді болып саналады, өйткені ол үй құстарының ауруға шалдығуына және қырылуына әкеп соғады. Алайда жақсы пісірілген тауық етінен қауіп жоқ.
H5N8 вирусы алғаш рет 1983 жылы Ирландиядвағы үй құстарынан табылды, содан бері Құрама Штаттары мен Азияда оқтын-оқтын белгі беріп тұрды. Вирустың жаңарған түрі 2010 жылы Оңтүстік Азияда үй құстарының елеулі індетін туғызды, Қытай мен Оңтүстік Кореядағы үй құстарынан да байқалды.