Құс тұмауынан Қытайда қаза болғандардың саны 26-ға жетті
АСТАНА. 2 мамыр. ҚазАқпарат - Соңғы мәліметтер бойынша құс тұмауының жаңа түрінен Қытайда 26 адамның өмірі қиылды. Бұл туралы ВВС хабарлады.
Қытайлық БАҚ-тың хабарлауынша, инфекциядан қаза болудың соңғы оқиғасы елдің орталығында орын алды. Ал бұдан бұрын H7N9 вирусы негізінен мемлекеттің шығысындағы провинциялардың тұрғындарынан анықталып отырған.
Сәрсенбіде Қытайдағы инфекцияны зерттеуші Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары H7N9 негізі адам денсаулығы үшін елеулі қауіп тудыратынын мәлім етті. Аталған ұйым инфекцияның таралуы қарқынына алаңдаушылық білдіруде.
Өткен аптада Қытай сыртында H7N9 дертімен шалдығудың алғашқы оқиғасы Тайваньда тіркелген болатын.