Құс тұмауының жаңа негізі өте қауіпті - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы

АСТАНА. 25 сәуір. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы биыл Қытайда 20-дан астам адамның өмірін қиған құс тұмауының жаңа штаммы адамдар үшін аса қауіпті екенін ескертеді, деп хабарлайды ВВС.
None
None

Аталған ұйымның мамандары H7N9 вирусын өзінің түрінде ең қауіпті екенін және ол құстан адамға тез жұғатынын алға тартып отыр.

Ұйымның өкілі Кеиджи Фукуданың хабарлауынша, вирустың адамнан адамға жұғатындығын сарапшылар әлі де анықтай алмады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қызметкерлері қытайлық төрт провинцияда қаупті вирусты жұқтыру бойынша 90-ға жуық оқиға тіркелгеннен кейін өткен аптада Қытайға келген болатын.

Соңғы жаңалықтар