Құсбегілік: Ақтық сынға жолдама алған спортшылар анықталды
АСТАНА. KAZINFORM – Көшпенділер ойындары шеңберінде құсбегіліктен алғашқы жарыс күні аяқталды. Нәтижесінде «Бүркіт салу» санатында 12 спортшы финалға жолдама алды.
Айта кетейік, бүркіт құсы бойынша 10 мемлекеттен 18 спортшы бақ сынады. Сөйтіп, жартылай финалдық кезеңнен сүрінбей өткен 12 спортшы ертең жүлдеге таласады.
«Бүркіт салу» санатында ақтық мәреге шыққандар:
1. Байқадамов Ерзат (Қазақстан)
2. Кунтуган Серикбек (Қазақстан)
3. Кушкаров Арман (Қазақстан)
4. Карыпбеков Акылбек (Қырғызстан)
5. Уркалиев Чыныбай (Қырғызстан)
6. Айбекулы Салават (Қырғызстан)
7. Семизаров Андрей (Ресей)
8. Попова Ирина (Ресей)
9. Серік Жеңісбек (Моңғолия)
10. Бато Миклос (Мажарстан)
11. Хамсон Алан (Канада)
12. Энрик Фрикса Мас (Испания)
Сайыстарда Қазақстаннан 6 төреші, Қырғызстаннан 2 және Моңғолия мен Ресейден бір-бір төрешіден қызмет етеді.
Ертең «Қаршыға салу», «Ителгі салу» санаттары бойынша да финалдық кезеңдер өтеді.