Күш біріктірген жергілікті тұрғындар дағдарысты еңсеруде ? ШҚО
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ. Наурыздың 27-сі. ҚазАқпарат - Өткен бейсенбіде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Тарбағатай ауданындағы «Қазбалық» және Зайсан ауданындағы «Шығыс-балық-өнім» ЖШС балық өңдейтін кәсіпорындарында болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Қазбалық» ЖШС-і балық және балық шикізатын өңдеумен айналысады. Бұл үдеріс үш цехта жүргізіледі, ал шикізатты Тұғыл ауылының балықшылары жеткізіп береді. Ауылдық тұтыну кооперативіне күш біріктірген жергілікті тұрғындар дағдарысты айтарлықтай-ақ еңсере түскен. Ал «Шығыс-балық-өнім» ЖШС-і төрт жылдан бері облыс, республика шеңберінде ғана емес, сонымен қатар алыс және жақын шет елдердің де балық өнімдері нарығынан өз орнын алған кәсіпорын. Кәсіпорын күн сайын 10 тоннадай балық өңдейді және соңғы өнім ретінде 5 тоннадан астам балықтың жон етінен дайындалатын тағам түрін жасайды. «Шығыс-балық-өнім» ЖШС 20 млн. теңге көлемінде жергілікті бюджетке салық төлемін құйып отыр. Жұмысшылардың айлық жалақылары ? 50 мың теңге.Жоғарыда аталған кәсіпорындардың әрқайсысы өздері таңдаған нарық жолымен келеді, сондай-ақ олар бүгінгідей күрделі жағдайдан қысылмай шығып, өз жұмысшыларын еңбекпен қамтамасыз етуде, олардың жалақысын дер кезінде төлеп отыр. Ал бұл бүгінгі таңдағы басымдық бағыт, деп санайды облыс әкімі Б.Сапарбаев.