16:02, 06 Мамыр 2011 | GMT +5
Күш тең, енді бәрі шаршы алаңда белгілі болады - Бақыт Сәрсекбаев
ГУЯНГ. 6 мамыр. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қытайдың Гуянг қаласында Бүкіләлемдік бокс сериясы аясында "Астана арландары" және «Париж юнайтед» командалары арасында өтетін матчқа байланысты ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында елордалық клбтың намысын қорғайтын Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбев: "Күш тең, енді бәрі шаршы алаңда белгілі болады", - деді.

«Бүкіләлемдік бокс сериясының ақтық сайысына былғары қолғап шеберлерінің бәрі үлкен дайындықпен келіп отыр. Бақ шаба ма, бап шаба ма, дегендей, енді бәрі шаршы алаңдағы жекпе-жекте белгілі болады. Командаластарымның бәріне сәттілік жолдас болсын деп тілеймін», - дейді Бақыт Сәрсекбаев. Ол қазіргі таңда Бүкіләлемдік бокс сериясындағы сайыста өнер көрсетіп жүрген жалғыз Олимпиада чемпионы болып отыр. «Астана арландары» клубының белді мүшесі бұған дейін Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы ұйымдастырған бұл дүбірлі бәсекеде 6 рет жекпе-жекке шығып, екеуінде белгілі себептермен жеңіліс тапқан еді Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері ертең «Париж юнайтед» командасымен болатын ақтық сында Мишел Тавереспен қолғап түйістіретін болады.