Құшақтасаң, су береді

АСТАНА. 12 сәуір. ҚазАқпарат - Тәтті сусындарды өндіретін әлемдегі Соса-Соlа компаниясы жұртшылыққа жақындаудың тың тәсілін тапты.

Құшақтасаң, су береді

Бұл туралы шетелдік БАҚ-тарға сілтеме жасап, «Айқын» газеті жазды.

Компания Сингапур университетінің жанына автоматтандырылған жана құрылғы орнатты. Бұл университет студенттеріне жақсы болды.

«Аяла, мен сенің бақытыңмын», деп аталатын шараның шеңберінде компания тұрғындарға арналған түрлі шара жасап жатыр. Егер сіз көшеде келе жатып, қатты шөлдеген болсаңыз. Одан құтылудың жөні бар. Қалай дейсіз ғой...

Егер автоматтандырылған құрылғыны құшақтап, шамалы уақыт тұрсаңыз болды, сізге бір бөтелке Соса-Соlа сусыны шығады.

Ал мұндай «бақытты және сүйікті» автоматтар әлемнің бірқатар елдерінде бар. Ол 2010 жылы АҚШ-тағы колледждердің біріне, 2011 жылы Мәскеу мемлекеттік университетіне орнатылғаны белгілі. Осы ретте айта кетейік, Соса-Соlа компаниясы сауда маркісінің құны сарапшылар агенттігінің бағалауынша, 34,8 миллиард долларды құрады.