Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Құшақтасу адамдардың жүйке жүйесiндегi сырқаттарды айықтыруға көмектеседi

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дәрiгерлер құшақтасып, төс қағыстыру адамның ағзасына қыруар әсер бередi деген тоқтамға келiп отыр. Ол адамның ағзасындағы, сондай-ақ iшкi жүйке жүйесiндегi сырқаттарды айықтыруға күштi көмектесетiндiгiн зерттеу нәтижесi барысында анықталды. The Times of India хабарлауынша, ыстық құшақ стрестен арылуға, жалғыздық сезiмiн жеңуге оң әсерiн бередi. Бойына қауiпсiздiктiң үлкен нышаны пайда болып, үлкен әсерге бөленген адамдар дерттiң кеткенiн де аңғармай кетедi, дейдi басылым.

Құшақтасу адамдардың жүйке жүйесiндегi сырқаттарды айықтыруға көмектеседi

Сонымен бiрге құшақтасу барысында ағзада окситоцин шоғырланып, эмоционалды көңiл күй тұрақтала түседi. Құшақ ұзақ созылса, қан құрамында серотониннiң көлемi артады. Ал ол, өздерiңiз бiлетiндей, "бақыт гормоны" деп те аталады. Демек, көңiлiңiз шат, көтерiңкi болады деген сөз.

Ғалымдардың айтуынша, құшақтасу кезiнде адамның бойы босаңсып, қан айналымын жақсартады, жүйке жүйесi қалыпқа келiп, демалысы орнығады.