Күшейтілген режимде қызмет етудің нәтижелері - ҚР Әділет министрлігі ҚАЖК

АСТАНА. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ - ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері режимді нысандар аумағына тыйым салынған заттарды өткізетін бірнеше орындарды анықтады,

Күшейтілген режимде қызмет етудің нәтижелері - ҚР Әділет министрлігі  ҚАЖК

деп хабарлайды ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.

Кеше Павлодар қаласындағы қатаң режимді абақтының бақылау-өткізу бекетінде режимді нысан аумағына тыйым салынған заттарды өткізіп жібермекші болған 16 жастағы жасөспірім қолға түсті. Тәркіленген заттар арасында 3 литрден астам спирт, алты шөлмек коньяк ішімдігі мен 12 шөлмек арақ бар. Әкімшілік жазаға тартылатын әлгі ұсталған баланың айтуынша, ол абақтыда отырған досын мереке алдында осы заттарды беріп қуантқысы келген.

Астанада қамау мекемелері бірінің өнеркәсіп аймағы аумағына кіріп бара жатқан «Газ 53» маркалы автокөлікті тексеру барысында қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері жүргізушінің іс-әрекетінен күдіктенген. Құқық қорғау қызметкерлері қателеспеген екен. Автокөлік кабинасының ішінде, орындықтар арасында есірткі заттары, яғни 100 грамға жуық гашиш пен 150 грамнан астатын марихуана табылды.

Маңғыстау облысы Ақтау қаласының тергеу изоляторында сотталған адамға 90 мың теңге көлемінде ақша беріп жіберу әрекетінің алды алынды. Ақша әйел адамның қол сөмкесінен табылған.

Қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлері мен Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы ішкі істер бөлімінің қызметкерлері тығыз байланыс орната отырып, Жаңғыз Төбе кентіндегі үйлердің бірін тексеру барысында есірткі заттарын тәркіледі. Сот-химиялық сараптама үш келіге жуық шөптің марихуана екенін анықтады. Бұл есірткі заттары аймақтағы абақтылардың біріне өткізуге арналғаны анық болды.