Күшігін құтқармақ болған қабылан алып жыланмен айқасты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Африкада орналасқан Крюгер ұлттық паркінде алып жылан мен қабылан айқасты, деп хабарлайды RenTV.
Питон қабыланның күшігін жұтпақ болған.
Daily Mail хабарлауынша, ана қабылан жыланды қуып жібермекке әрекеттенген. Жан алып, жан беріскен айқаста қабыланның жеңіске жеткені анықталды. Соңынан жыртқыштар жемтікті бөлісіп жеді.