#КүшімізБірлікте: Бізге ел мен жердің тыныштығы, тұтастығы керек – Дандай Ысқақов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бізге ел мен жердің тыныштығы, тұтастығы керек. Мұндай пікірді Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Дандай Ысқақов білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ел ішінде орын алған өте күрделі жағдай бәріміздің жанымызды ауыртты. Халқымыздың мақсат-мұраты мұндай емес еді. Халық пен билік бірге болса, біз кез келген күрделі жағдайдан, тығырықтан шығамыз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дер кезінде шұғыл шешім қабылдап, оң қадам жасап жатыр. Қолдаймыз. Алдағы уақытта өте сақ болуымыз керек. Өткеннен сабақ алсақ дұрыс болар еді. Бізге ел мен жердің тыныштығы, тұтастығы керек», - деді Дандай Ысқақов.


Соңғы жаңалықтар