Күшті боран Ақтөбе мен Қостанай облысы аумағындағы көлік қозғалысын қиындатты
АСТАНА. 18 қаңтар. ҚазАқпарат - Боранға байланысты екі облыстың аумағындағы республикалық жолдарда көлік қозғалысы шектелді. Бұл туралы «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметінен хабарлады.
Ақтөбе облысы аумағында барлық автокөлік түрлері үшін мына жолдар жабық:
- «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» жолының 0-257 шақырымындағы Қандыағаш пен Шалқар аралығы;
- Ақтөбе қаласының Солтүстік айналма жолы 0-39 шақырымы;
- «Самара-Шымкент» жолының 753-1240 шақырымындағы Ақтөбе қаласы мен Қызылорда облысы шекарасы;
- «Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы» жолының 92-330 шақырымындағы Қандыағаш пен Атырау облысы шекарасы;
- «Ақтөбе-Орск» жолының 21-135 шақырымындағы Пригородный мен РФ шекарасы учаскесі;
- «Қарабұтақ-Қостанай облысы шекарасы» жолының 0-231 шақырымы;
- «Самара-Шымкент» жолының 615-723 шақырымындағы БҚО мен Ақтөбе қаласы аралығы.
Қостанай облысы бойынша мына жолдар жабық:
- «Қарабұтақ-Қостанай» жолының 231-389 шақырымындағы Ақтөбе облысы шекарасы мен Денисовка учаскесі;
- «Денисовка-Жетіқара-РФ шекарасы» жолының 82-164 шақырымындағы Жетіқара мен РФ шекарасы учаскесі.