Күшті, кәсіби және тәуелсіз БАҚ қана нақты идеологиялық егемендігімізді қамтамасыз ете алады – Президент

None
Фото: t.me/aqorda_resmi
АСТАНА. ҚазАқпарат – Отандық бұқаралық ақпарат құралдары азаматтардың сыни ойлауын дамытуға, қоғамдық пікірталас мәдениетін орнатуға көмектесуі керек. Бұл пікірді Президент БАҚ саласындағы сыйлықтар мен гранттарды тапсыру кезінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінде отандық журналистиканың елдегі және әлемдегі процестерге айрықша көзқарасы қалыптасты. Тек күшті, кәсіби және тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары ғана біздің нақты идеологиялық егемендігімізді қамтамасыз ете алады. Сондықтан жаңалықтарды беріп қана қоймай, оқиғалар мен құбылыстардың өзара байланысын көрсету, ұлттық мүддемізге сүйене отырып сапалы аналитика әзірлеудің маңызы зор», - деді Мемлекет басшысы.

Президент отандық бұқаралық ақпарат құралдары азаматтардың сыни ойлауын дамытуға, қоғамдық пікірталас мәдениетін орнатуға көмектесуі керегін айтты.

«Сіздер жариялаған ақпараттың шынайылығы мен объективтілігі үшін әріптестер мен қоғам алдында ерекше жауаптысыздар. Сіздер арқылы – өз ісінің шынайы шеберлері арқылы халық ақ пен қараны, фактілер мен жорамалды ажырата алады, Алайда, нағыз журналист тек кәсіби маман ғана емес, жауапты азамат та болуы керек деп санаймын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар