Күшті жарылыс түрме ғимаратын қиратты: 100 адам зардап шекті
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Флорида штатындағы Пенсакола қаласындағы түрмеде болған күшті жарылыс түзеу мекемесінің ғимаратын қиратып кетті.
Алдын ала мәліметтерге қарағанда, оқыс оқиғаға газдың сыртқа жайылу себеп болған, деп хабарлайды NBC телеарнасы.
Бұл жағдай жергілікті уақыт бойынша сағат 23 шамасында Эскамбиа округындағы түзеу мекемесінде орын алған. Жарылыс болған сәтте ғимаратта 600-ге жуық сотталушы және полиция офицерлері болған. Олардың 100-і түрлі деңгейде жарақаттанды. Қаза тапқандар жайлы әзірге мәлімет түсе қойған жоқ, деп жазады РБК.