Күшті жел, боран, тұман және көктайғақ - Бейсенбіге арналған ауа райы
«23 қаңтарда Қазақстан аумағының көп бөлігіне Мурманск үстінде орналасқан циклон жырасы әсер етеді. Осыған байланысты қар жауады, батыста, солтүстік батыста, солтүстік шығыста және оңтүстікте жауын-шашын түседі. Еліміздің кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел күшейеді», делінген ауа райы болжамында.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында жел 15-20, кей жерлерде жылдамдығы 23-28 м/с жетеді, екпіні 30 м/с-ден асып боранмен бірге соғады, кей жерлерде көктайғақ болуы ықтимал, Қостанай облысында тұман күтіледі.
Павлодар облысында жел 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28, екпіні 30 м/с жетеді, кейде одан асып кетеді, кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Қарағанды облысында жел түнде 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с жетеді, күндіз кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.
Қызылорда облысында жел 15-20, түнде және таңертең кей жерлерде 25 м/с күшейеді, кей жерлерде бұрқасын, тұман көктайғақ күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Атырау, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Батыс Қазақстан облысында тұман түседі, Ақтөбе облысында боран соғады.
Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының түнде кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз Жаланашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.