23:45, 27 Желтоқсан 2017 | GMT +5
Күшті жел Өскемендегі ғимараттың шатырын жұлып кетті
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Күшті жел Өскемендегі ғимараттың шатырын жұлып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық төтенше жағдайлар басқармасына сілтеме жасап.

Жел ғимараттың басындағы материалды жұлып әкетіп, ол ағашқа ілініп қалып, адамдардың өміріне қауіп тудырған. Оқиға орнына төтенше жағдайлар басқармасының мамандары келіп, қауіптің алдын алды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз хатшысы Марина Лискова.
Оның сөзінше, қалада өзге ғимараттарда мұндай жағдай қайталанбаған.
Ауа райына байланысты ескерту сәрсенбі күні хабарланбаған.
«Болған оқиғаның салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Құтқарушылар құрылыс материалдары мен ағаштың сынған бөліктерін жинастырып, дүкенді иелері тәртіпке келтіреді»,-деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.