Күшті жел, тұман, жаңбыр – сенбідегі ауа райы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 1 мамырда елімізде жел күшейіп, кей жерлерде тұман түсіп, жаңбыр жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
Сенбі күні батыс антициклон жотасының әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде көбінесе ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек еліміздің оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады, түнде жекелеген аудандарда найзағайлы қатты нөсер жаууы мүмкін. Еліміздің кей жерлерінде жел күшейіп, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады, солтүстік-батыста тұман түсуі ықтимал.
Алматы облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, екпіні 23-28 м/с жетеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді.
Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады, жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз екпіні 23 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейіп, таңертең және күндіз екпіні 25 м/с жетеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғуы мүмкін, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейіп, екпіні 25 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейіп, Манғыстау облысында шаңды дауыл соғады.
Павлодар облысында жел күшейіп, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Ақмола облысының шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Түнде Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде 3 градусқа дейін үсік жүреді.