Күштік органдарға жалақы төлеудің жаңа теңгерімді жүйесіне көшу пысықталуда

АСТАНА. ҚазАқпарат – Күштік органдардың еңбегіне ақы төлеудің жаңа теңгерімді жүйесіне көшу тәсілдері пысықталып жатыр. Бұл туралы Сенат депутаттарының сауалына Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Ұлттық экономика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, лауазымдық айлықақылардың өзара байланысты сызбасын енгізуді көздейтін барлық күштік органдардың еңбегіне ақы төлеудің жаңа теңгерімді жүйесіне көшу жөніндегі тәсілдерді пысықтауда.

Осыған байланысты академияның (Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы) профессорлық-оқытушылық құрамының жалақысын көтеру мәселесі жоғарыда аталған жұмыс аясында қаралатын болады», - делінген Үкімет басшысының жауабында.


Соңғы жаңалықтар