Kusto Group COVID-19 індетімен күресу үшін 1 млрд теңге бөледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Kusto Group халықаралық компаниясы халықтың зардап шеккен және осал топтарына қолдау көрсету мақсатында #KustoHelp көмек көрсету қайырымдылық жобасына 1 млрд теңге бөлетіндігін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kusto Group баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Kusto Group COVID-19 індетімен күресу үшін 1 млрд теңге бөледі

»Қазақстанда көмек келесі бағыттар бойынша көрсетіледі: Қазақстан Республикасы облыс және қалаларының әкімдіктері және волонтерлік ұйымдармен ынтымақтаса отырып көп балалы отбасыларды, халықтың аз қамтылған және зардап шеккен топтарына атаулы материалдық көмек көрсету және азық-түлік жиынтығын жеткізу; м едицина қызметкерлеріне індетпен күресу және олардың жұмыс жағдайын қамтамасыз ету үшін қажетті көмек көрсету.

Сондай-ақ мұқтаждарға көмек көрсету үшін түрлі қайырымдылық қорларымен ынтымақтастықта болу«, делінген баспасөз қызметінің хабарламсында.