Kusto Group су тасқынынан зардап шеккендерге 400 млн теңге бөледі

Kusto Group
Фото: Kusto Group

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстан Республикасындағы өте күрделі су тасқыны жағдайына байланысты Kusto Group зардап шеккендерге көмек көрсетуге 400 млн теңге бөлінгені туралы хабарлайды. Зардап шеккен аймақтарға қаражат Kusto.Help жеке қоры арқылы бөлінеді.

"Табиғи апаттан зардап шеккен қазақстандықтарға жанашырлық танытып, қолдау білдіреміз. Ел басшылығы, құзыретті мемлекеттік органдар, еріктілер мен азаматтар адам шығынын болдырмау, зардап шеккендерге көмек көрсету және су тасқынының салдарын жою үшін қажет нәрсенің бәрін жасап жатыр. Біз осы жұмысқа қосыламыз және апаттан зардап шеккен қазақстандықтарға барынша көмек көрсетеміз", - деді Kusto Group негізін қалаушы Еркін Тәтішев.

Айта кетейік, Kusto.Help қайырымдылық қорын Kusto Group халықаралық компаниясы құрды. Қор Қазақстан Республикасында коронавирус пандемиясы кезінде халықтың неғұрлым зардап шеккен және осал топтарына 1 млрд теңгеден астам көмек көрсетті. 

Соңғы жаңалықтар