Кустоның немересі 31 күн су астында болып, атасының рекордын жаңартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жак-Ив Кустоның немересі Фабьен Кусто сәрсенбіде 31 күнге созылған рекордтық терең су астындағы экспедициясын аяқтады.

Кустоның немересі 31 күн су астында болып, атасының рекордын жаңартты

Ол су астында атасынан бір тәулік ұзақ болды.

«Миссии 31» аясында кіші-Кусто Флорида жағалауындағы әлемдегі жалғыз «Аквариус» суасты ғылыми-зерттеу зертханасында бір ай болды, деп хабарлайды BBC.

Экспедиция барысында Кусто деректі фильм түсірді, ал оның командасы суасты әлеміне климаттық өзгерістердің әсерін зерттеді.