Құтқару қызметінің тікұшағы апатқа ұшырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Құтқару қызметінің тікұшағы Италияның орталық аумағына, Апеннинге құлады. Бұл туралы ANSA агенттігі хабарлады.

 Құтқару қызметінің тікұшағы апатқа ұшырады

Оның мәліметіне сүйенсек, бортта алты адам болған.

Тікұшақ таулы жолда зардап шегушілерге көмек көрсету үшін  шақырылған.

Оқиғаның алдын ала себебі - ауа райының қолайсыздығы.