08:31, 17 Ақпан 2025 | GMT +5
Құтқарушылар боранды күнде жолда тұрып қалған бес көліктен адамдарды эвакуациялады
АСТАНА. KAZINFORM – Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметін хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Қостанай облысы Қарасу ауданы Новоселовка ауылынан 17 шақырым жерде құтқарушылар қар құрсауында қалған адамдарды эвакуациялау операциясын жүргізді.
Жергілікті маңызы бар автожолда жолаушылары бар 5 жеңіл автокөлік тұрып қалды. Құтқарушылар 9 адамды эвакуациялап, тұрғылықты жеріне жеткізді. Медициналық көмекке ешкім мұқтаж болған жоқ.
Осыған дейін Павлодарда жеті мектептің оқушылары шұғыл эвакуацияланғаны туралы жаздық. Бұған мектептерге жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабарлама себеп болған.