Абай облысында жолда қалып қойған 3 автобустан 106 адам эвакуацияланды

АСТАНА. KAZINFORM - Түнде Абай облысының Аягөз қаласында Аягөз қаласы-Қалбатау ауылы арасындағы республикалық маңызы бар автожол қозғалысының шектелуіне байланысты блокпостта жолаушылары бар 3 автобус тоқтап қалды.

эвакуация
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, құтқарушылары полиция қызметкерлерімен бірге жолаушылар автобустарынан 92 адамды ертіп, жақын маңдағы жылыту пункттеріне орналастырды, оның ішінде 20 бала бар.

Жолдың осы жабық учаскесінің арғы жағында шағын көлемді автобустың жолаушылары қиын жағдайға тап болып, 14 адам жылыту пунктіне орналастырылды.

Төтенше жағдайлар министрлігі ауа райына байланысты ескертулерді назарда ұстап, күн бұзылған жағдайда елді мекеннен тыс жерлерге шықпауды ұсынады!

Осыған дейін күннің бұзылуына байланысты үш облыста жол жабылғанын хабарлаған едік.

 

Соңғы жаңалықтар