Құтқарушылар AirAsia ұшағы апаты құрбандарының тағы үш денесін тапты

АСТАНа. ҚазАқпарат - Өткен демалыс күндері индонезиялық құтқарушылар AirAsia Indonesia авиакомпаниясының апатқа ұшырған Airbus ұшағы құрбандарының тағы үш денесін судан шығарды, деп хабарлады РИА Новости.

Құтқарушылар AirAsia ұшағы апаты құрбандарының тағы үш денесін тапты

Бұл апат өткен жылдың соңында Ява теңізінде болған еді, деп мәлімдеді іздестіру-құтқару опаерациясының жедел директоры маршал Суприяди.

Оның айтуынша, бұл адамдардың денелері апатқа ұшыраған лайнер фюзеляжының негізгі бөлшектері шығарылған аумақтан 40 метр жерден табылған. Бұл ауданда қазірге дейін көптеген ұсақ сынықтар қалып отыр, денелер солардың арасынан табылды, деп қосты маршал.

Лайнер 28 желтоқсанда индонезиялық Сурабаи қаласынан Сингапурға таңертең ұшып шыққан болатын, бір сағаттан кейін ол радар экранынан көрінбей кеткен. Оның бортында 162 адам болды (көпшілігі -Индонезщия азаматтары), олардың барлығы да қазаға ұшырады. Наурыз айының басында Индонезияның Ұлттық іздестіру-құтқару басқармасының басшысы Хенри Бамбанг Судистьо қаза болғандардың отбасыларымен кездесуде негізгі іздестіру-құтқару операциялары аяқталғанмен қаза болғандардың денелерін іздестіру жалғастырылатынын мәлім етті.

Бұдан бұрын іздестіру-құтқару операцияларының барысында 103 адамның денелері табылған болатын.